Ереванда қазақ-армян қарым-қатынастары талқыланды

Ереванда қазақ-армян қарым-қатынастары талқыланды

16.10.2025 12:41:28 40

Ереван, 2025 жылғы 14 қазан - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында армян тарапына Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үдерістері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Үкіметтің басымдықтары туралы ақпарат берілді.


Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қазіргі кезеңде қазақ-армян қатынастары сындарлы саяси диалогпен, сауда-экономикалық байланыстардың дәйекті кеңеюімен және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орнықты дамуы арқылы сипатталатыны атап өтілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдар бар екені айтылды.

Одан әрі серіктестікті тереңдету мақсатында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Екі ел экономикасының әлеуетін толық қамтымайтын өзара сауда көлемін арттыру қажеттігі атап өтілді. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар айқындалды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Арменияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы орайда тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін тиімді көлік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға өзара мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1087597?lang=kk