Атбасарда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерге арналған мемориал ашылды
16.10.2025 13:01:34 28
Ақмола облысының Атбасар қаласында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің 4-ші жеке атқыштар ротасында 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан 17 әскери қызметшіге арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға 5510 әскери бөлімінің қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері мен бөлімнің жеке құрамы қатысты.
Мемориал бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өмір сыйлаған, Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған батырлардың мәңгілік бейнесінің белгісіндей. Ол болашақ ұрпақ үшін батылдық пен адалдықтың үлгісі ретінде қызмет етпек.
Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Биыл Ішкі әскердің батырларының ерлігіне 30 жыл толды. Бұған дейін Астанадағы Ерлік аллеясында "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын.
Мемориалдың ашылуы Ұлттық ұланның жауынгерлік дәстүрлерін сақтаудағы және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудағы маңызды қадам болды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087616?lang=kk