БҮГІНГІ КІТАПХАНАЛАР: бастаулардан жаңа форматтарға дейін

БҮГІНГІ КІТАПХАНАЛАР: бастаулардан жаңа форматтарға дейін

16.10.2025 17:41:59 149

Беимбет Майлин ауданының ауылдық кітапханашыларына арналған «КІТАПХАНАДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ» тақырыбындағы семинар 16 қазан күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында өтті.

Семинарға «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.М. Байжанова қатысты. Ол «Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы» аясында жастармен жұмыс істеудің негізгі қағидаларымен таныстырды. Өз сөзінде Наталья Михайловна аудан кітапханаларымен бірлескен жұмыстың арқасында өткізілетін іс-шаралардың жоғары деңгейде, мазмұнды әрі жастар үшін қолжетімді болатынын атап өтті.

Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Ищенко Н.Н. кітапханалардағы жастармен жұмыстың креативті түрлерін ұсынды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Корякина Н.О. жасанды интеллект дегеніміз не және оның кітапханаларға не үшін қажет екені туралы айтып берді. Өз мысалында генеративті жасанды интеллекті бар ChatGPT чат-ботының көмегімен мәтіндер мен мақалалар жазуға және редакциялауға, афишалар, презентациялар, іс-шара жарнамаларын, ұсыныс тізімдерін жасауға, сондай-ақ ақпаратты басқа тілдерге аударуға болатынын көрсетті.

Семинардың екінші бөлімі мерейтойлық даталарға арналды: орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 45 жылдығы мен аудандық орталық кітапхананың 85 жылдығы.

Кітапхана жүйесінің тарихына арналған «Мерейтойлық беттерді парақтай отырып...» атты тарихи шолуды библиограф Король С.Н. жүргізді. Кітапханашылар кітапхана ісінің ауданымызда қалай басталғаны және бүгінгі күнге дейін қалай дамып келетіні туралы ақпарат алды.

Кітапхана басшысы Асанова Г.Ж. «Кітап пен оқырман жолында – 45 жыл» атты баяндама жасап, кітапхана жүйесінің жетістіктерін қорытындылады. Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай барлық кітапханашыларды марапаттау рәсімін өткізді.

Іс-шара соңында кітапханашылар ұжымы үшін мерекелік  тәтті шай  ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1087926?lang=kk