Болашақты бірге құрамыз: өңірде ауқымды тұрғын үй жобалары жүзеге асырылуда

Болашақты бірге құрамыз: өңірде ауқымды тұрғын үй жобалары жүзеге асырылуда

16.10.2025 18:52:48 81

Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» екенін атап өтті. Біз оны басшылыққа ала отырып, соңғы 2 жылда 1,0 млн шаршыметргежуық тұрғын үйді пайдалануға бердік.

Жыл басынан бері 391,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық.

Биылғы жылы 500,0 мың шаршы метр немесе 6 500 пәтер салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы үш жылда осы бағдарлама аясында 340-тан астам жас өз баспанасына ие болды.

Бұдан бөлек, облыс аумағында тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де іске асырылып жатыр.

Мысалы, Меңдіқара ауданына қарасты Каменьскуральск ауылында жалпы ауданы 600 шаршы метр болатын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді. Үй «Каменскоуральское» өндірістік кооперативінің өз қаражаты есебінен өз қызметкерлері үшін жөнделді.

Аталған үйде 4 – бір бөлмелі, 4 – екі бөлмелі және 4 – үш бөлмелі пәтер бар. Жоба құны – 90 миллион теңге.

Бұл үйде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасалған.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1088023?lang=kk