«Нан- дастархан байлығы»

«Нан- дастархан байлығы»

17.10.2025 12:02:53 192

Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында әлемдік мәдениеттегі ең қасиетті тағамдардың бірі - нанға арналған керемет «Нан-дастархан байлығы» фестивалі өтті.

Фестивальдің ашылуы түрлі елдердің «наубайханаларына» саяхат жасайтын гастрономиялық сапарға шақырудан басталды.

Француз наубайханасы «Қытырлақ круассан» жеңіл әрі үлпілдек круассан пісірудің құпияларымен бөлісті, ал итальяндық «Күншуақ пицца» қытырлақ фокачча дайындаудың сырларын ашты. «Алтын бауырсақ» ұлттық тағам пісірудің көне өнерімен таныстырды, ал ағылшын наубайханасы «Жаңа піскен кекс» дәстүрлі шай ішу мәдениетінің атмосферасына бөледі. Өзбек шеберханасы «Көңілді самса» дәмі тіл үйірер тамаша тағамды әзірлеуді көрсетті. Ал ағылшын наубайханасы «Жаңа піскен маффин» дәстүрлі шай ішу атмосферасына бөледі. «Қызарған құймақ» ұсынған орыс асханасымен танысып, онда балалар әйгілі орыс құймағын пісіруді үйренді.

Жас оқырмандар әр түрлі халықтардың «нанға қатысты» дәстүрлерімен танысып қана қоймай, өздері де осы ғажайып аспаздық өнердің қыр-сырын меңгерді. Әрқайсысы өзін нағыз наубайшы рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды.

«Нан - дастархан байлығы» фестивалі дәмнің, мәдениеттің және достықтың нағыз мерекесіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1088316?lang=kk