Су ресурстары саласындағы Қазақстан-Словакия ынтымақтастығының жаңа перспективалары
17.10.2025 17:43:26 142
Братислава, 2025 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ «WaterSlovakia» қауымдастығына кіретін бірқатар словакиялық компаниялардың басшыларының қатысуымен онлайн-келіссөздер өтті.
Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару және су шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен СР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындық, сондай-ақ еуропалық қаржы институттарының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын бірлескен «талаптар картасын» әзірлеу және словакиялық компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1088784?lang=kk