Конструктивный диалог: жители Илийского района задали более 40 вопросов на встрече с акимом Алматинской области

Конструктивный диалог: жители Илийского района задали более 40 вопросов на встрече с акимом Алматинской области

17.10.2025 19:33:39 69

Іле ауданының тұрғындары Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен өткен есептік кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін көтерді. Іс шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.

Кездесуге ауданның түрлі саласында еңбек ететін азаматтар — кәсіпкерлер, фермерлер, педагогтар, депутаттар, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ белсенді тұрғындар қатысты. Әкім мен тұрғындар арасындағы диалог мазмұнды әрі конструктивті өтті.

Кездесу барысында 40-тан астам сұрақ қойылды. Оның ішінде:

  • 20%–ы жолдар мен көше жарығына қатысты;
  • 18%–ы білім саласы, үш ауысымды мектептер мен оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі туралы;
  • 15%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
  • 10%-ы денсаулық сақтау және санитарлық қауіпсіздік;
  • қалған 37%-ы абаттандыру, қоғамдық көлік және экология мәселелерін қамтыды.

Жергілікті халық нақты ұсыныстарын да жеткізді. Атап айтқанда, «Сокол» саяжай алабында мектеп салу, Өтеген батыр ауылында музыкалық мектеп ашу, Боралдай кентінде жаңа Мәдениет үйін тұрғызу және бірқатар ауылдық округтерде дәрігерлік амбулатория ашу ұсынылды.

Сондай-ақ, Қараой ауылдық округінің тұрғындары сібір жарасы ошағы анықталған жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын сұрады.

Марат Сұлтанғазиев әрбір көтерілген мәселеге жеке тоқталып, толыққанды жауап берді.

«Кездесу қорытындысы бойынша нақты мерзімі мен жауапты тұлғалары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленеді. Тұрғындардың барлық өтініштері аудан мен облыс әкімдіктерінің басым бағытына енгізіледі», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол мұндай кездесулердің барлық аудандарда өтіп жатқанын атап өтті.

«Мұндай кездесулер халықтың өтініш-тілектеріне жедел жауап беруге, олардың пікірін тікелей естуге және өңірді дамыту жоспарларын нақтылауға мүмкіндік береді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Кездесуден кейін өткен жеке қабылдауда 12 тұрғынның өтініші тыңдалды. Барлығы 24 әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық сипаттағы мәселе қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088915?lang=kk