Актерлар мен ұландықтар тағы да сахнада қауышты: батыр қыздың 100 жылдығына арналған "Әлия" драмасының тұсауы кесілді
18.10.2025 10:11:03 132
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған "Әлия" драмасының (Қ. Жүнісов, И. Седин) премьерасы өтті.
Қойылым театр актерлары мен Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бір сахнада біріктіріп, өнер мен әскери қызметтің шығармашылық ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды.
Естеріңізге сала кетейік, "Әлия" спектаклінің алғашқы көрсетілімі 6 наурызда сол театрда өткен еді және қоғамдық резонанс тудырған болатын. Сол жолы көрермендер ыстық ықыласпен тік тұрып қол шапалақтап, көпшілігі көз жасын жасырмады.
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған қойылым ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бастамасымен "Жеңіске дейін 100 күн" акциясы аясында өтті.
Ұлттық ұланның Ерлер хоры мен Үлгілі-көрсетімді оркестрі сахнаны ерлік пен патриотизмнің жанды энергиясымен толтырып, спектакльдің ерекше атмосферасын жеткізді. Музыкалық сүйемелдеу шығарманың драмасы мен эмоционалды тереңдігіне баса назар аударып, көрермендерге аңызға айналған кейіпкердің ерлігін сезінуге мүмкіндік берді.
"Әлия" драмасы жай ғана театрландырылған туынды емес, сөз, музыка және сахналық шеберлікті тоғыстыру арқылы Қазақстан тарихына өз есімін мәңгілікке жаза білген жас қыздың ерлігі мен жанқиярлығын баяндайтын ұрпақтардың шынайы диалогына айналды.
Қойылым ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен М. Горький атындағы музыкалық-драма театры арасындағы ынтымақтастықтың өнер мен патриотизмді тұтастырған елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиға екенін тағы да растады.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1088969?lang=kk