2025 жылғы 17 қазанда Елші Бейбіт Атамқұлов ӨР-ның Ауыл шаруашылығы Министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті

2025 жылғы 17 қазанда Елші Бейбіт Атамқұлов ӨР-ның Ауыл шаруашылығы Министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті

18.10.2025 11:01:35 128

2025 жылғы 17 қазанда ҚР-ның ӨР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың ӨР-ның Ауыл шаруашылығы Министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар қарсаңында тараптар Ш. Мирзиеевтің 2024 жылғы тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде екі ел Үкіметтері арасындағы Жол картасының орындалу барысын талқылады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығын дамытуға, ірі қара мал өсіру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар инновациялық технологияларды енгізудің, тәжірибе алмасудың және аграрлық саладағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Анықтама: 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауарлар – астық, ұн, ет және қант, бұл өнімдерге сұраныс тұрақты өсуде. Қазақстан Өзбекстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаушылардың үштігіне кіреді.

Б. Атамқұлов өзбек ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кәсіпкерлерін 2025 жылғы 20 қазанда Ташкент қаласында өтетін «Қазақстан–Өзбекстан бизнес-форумына» белсенді қатысуға шақырды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында салалық ведомстволар мен бизнес-қоғамдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және тақырыптық диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1088975?lang=kk