Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
18.10.2025 16:42:11 162
Республика күні мен Мемлекеттік егемендік Декларациясының 35 жылдығына орай «Терен тарих – жарқын болашаққа!» республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Шымкент қаласында басталды.
Ауқымды зияткерлік сайыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, жас қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілегін білдірді.
Турнирге еліміздің тоғыз облысынан: Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысуда. Олар дебат сахнасында білім мен шешендік өнерден жарысады.
Жарысқа Шымкенттің үш университетінен іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар, сондай-ақ пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері төрелік етеді. Барлығы 70-ке жуық кәсіби судья әділ және ашық пікірталастарды қамтамасыз етеді.
Турнир барысында қаралатын қаулылар өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, технология, демократия, құқықтық мәдениет, білім беру жүйесі және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша әртүрлі көзқарастар талқыланып, айтылады.
Екі күнге жоспарланған Республикалық пікірсайыс турнирі ертең аяқталып, сол уақытта оның жеңімпаздары анықталады.