Ливанның Білім министрімен кездесу
20.10.2025 14:40:49 172
17 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Білім және жоғары білім министрі Рима Карамимен кездесті. Сұхбат барысында білім беру саласындағы екіжақты байланыстарды дамыту жолдары талқыға түсті. Таяу Шығыста оқу-ағарту орындарының деңгейі дәстүрлі түрде айтарлықтай жоғары саналатын Ливан аталған бағытта Қазақстанмен ықпалдасуға және тәжірибемен алмасуға тұрғысынан маңызды мемлекет болып табылады. Екінші жағынан жастардың заманауи жоғары әрі сапалы білім алуына ерекше мән бөлуші Қазақстан үшін араб елдерімен, оның ішінде Ливанмен гуманитарлық саладағы ынтымақтастық құру жан-жақты мемлекетаралық байланыстардың нығаюына жол ашатыны анық. Бұл тұрғыда Министр Рима Карами екі елдің институттары мен университеттері арасында тікелей қарым-қатынастар орнатуға, студенттер және ұстаздармен алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Аталмыш мақсатта Қазақстан мен Ливан арасында қажетті келісімді жасасу ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1089435?lang=kk