Бразилияның Ядролық энергетика жөніндегі ұлттық қауымдастығы (ABDAN) 35 жылдық мерейтойын атап өтті

Бразилияның Ядролық энергетика жөніндегі ұлттық қауымдастығы (ABDAN) 35 жылдық мерейтойын атап өтті

21.10.2025 08:20:31 137

Бразилиa, 2025 жылғы 20 қазан - Бразилия Федералдық Үкіметінің шақыруымен Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов «Бразилияның ядролық мұрасы. Эволюция тоқтамайды» ұранымен өткен Бразилияның бейбіт атом бағдарламасының мерейтойлық рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Федералдық Үкіметтің, Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ядролық энергияны бейбіт мақсатта – энергетика, қорғаныс, медицина, экология және IT-технологиялар салаларында пайдаланатын бразилиялық компаниялар басшылығы қатысты.

Қазақстан Елшісін Бразилияның Ядролық энергетика жөніндегі ұлттық қауымдастығының (ABDAN) президенті Селсо Феррейра Кунья мырза қарсы алып, екі ел арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастықты жоғары бағалады. Әсіресе, Бразилияның атом электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында Қазақстанның «Қазатомпром»ұлттық компаниясымен өзара тиімді ықпалдастығын ерекше атап өтті.

Бразилияның Ядролық энергетиканы дамыту қауымдастығы (ABDAN) – елдегі ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланатын бірқатар бразилиялық компанияларды біріктіретін негізгі ұйым. Қауымдастық 1990 жылы құрылған және биыл 35 жылдық мерейтойын атап өтуде. ABDAN – Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ, IAEA) Бразилия мен Оңтүстік Америкадағы бірлескен жобаларды іске асырудағы негізгі серіктесі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1089853?lang=kk