Таеквондо облыстық турнирі өз мәресіне жетті

Таеквондо облыстық турнирі өз мәресіне жетті

21.10.2025 09:41:15 139

Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округі, Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 2011–2017 жылдары туған балалар мен жасөспірімдер арасында таеквондо спорт түрінен облыстық ашық турнир өтті.

Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру және облыс бойынша таеквондо спортын дамыту болып табылады.

Турнирдің ашылу салтанатына Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы мен Байқоңыр қаласының Таеквондо федерациясының президенті Николай Петрович қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығын атап өтті.

Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Қармақшы ауданынан келген жас спортшылар қатысып, өзара тартысты кездесулер өткізді.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас спортшылар өздерінің шеберліктері мен дайындығын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар мен дипломдар табысталды.

Осындай турнирлер ауданымыздағы спорттың дамуына серпін беріп, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1089901?lang=kk