Су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде

Су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде

21.10.2025 11:51:03 102

Бүгінде Алматы облысында 24,4 мың гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері орнатылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 31,6 мың гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде суды пайдалану тиімділігі 25 пайызға артады.

Су үнемдеу технологиялары Еңбекшіқазақ, Кеген және Талғар аудандарында белсенді енгізілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйелер суды 30–40 пайызға үнемдеп, өнімділікті арттырады.

«Су ресурстарын тиімді пайдалану — басты міндет. Мемлекеттік субсидиялар мен оқыту бағдарламаларының арқасында фермерлер су үнемдеуді тұрақты тәжірибеге айналдырып келеді», — деді басқарма басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090061?lang=kk