KAZAID ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КОРЕЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
21.10.2025 15:41:22 154
KAZAID ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КОРЕЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
2025 жылғы 21 қыркүйек пен 3 қазан аралығында KazAID қызметкерлері Сұлтан Керімсал мен Камила Шаймерденова Корея Республикасының Сеул қаласында өткен KOICA бағдарламасы «Capacity Building for International Development Agency in Emerging Donors & GPEDC Learning & Accelerating Program (2025)» аясында екі апталық тағылымдамадан өтті.
Бағдарламаның мақсаты – жаңа және дәстүрлі донорлар арасындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ Кореяның ресми даму көмегін (ДРК) іске асырудағы институционалдық үлгісін зерделеу болды.
Тағылымдама барысында қатысушылар Korea University, KOICA, Norad, БҰҰДБ және GPEDC мамандарының қатысуымен өткен дәрістер мен практикалық сессияларға қатысты. KazAID командасы KOICA агенттігінің жобалық циклі мен тиімділікті бағалау тәсілдерін, ашықтық пен ведомствоаралық үйлестіру механизмдерін, сондай-ақ цифрлық мониторинг құралдарын зерттеді.
Жеке блоктар Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастығына, ТДМ-дарды ұлттық және сыртқы саясатқа енгізу жолдарына және даму қаржыландыруындағы жеке сектордың рөліне арналды.
Сонымен қатар, KazAID өкілдері Busan Global Partnership Forum және Seoul ODA Forum іс-шараларына қатысып, халықаралық дамудағы заманауи тәсілдермен танысты. Бағдарлама мәдени бөлікті де қамтыды — қатысушылар Сеулдің тарихи және қазіргі нысандарына барып, корей мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты.
Алынған тәжірибе KazAID институционалдық әлеуетін нығайтып, Қазақстанның халықаралық даму саласындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1090256?lang=kk