Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің өзекті мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті
21.10.2025 16:10:49 105
Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің өзекті мәселелеріне арналған Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, азаматтар мен кәсіпкерлердің сенімін нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері салық төлеушілер арасында сауалнама жүргізді, оның мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін факторларды айқындау.
Сонымен қатар, басқарма мамандары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндірді. Әсіресе шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі өзгерістерге, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласының енгізілуіне, сондай-ақ салықтық шегерімдер мен арнаулы салық режимдерін қолданудың жаңа тәртібіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, салық салу және есептілік мәселелері бойынша білікті кеңестер алды.
Мұндай іс-шаралар халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға, салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1090298?lang=kk