2025 жылғы 21 қазанда Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаменті бірлесіп оқыту-семинар өткізді
22.10.2025 11:00:53 165
2025 жылғы 21 қазанда Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаменті бірлесіп
«Лудомания, адам құқықтары мен заңды құрметтеу. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында оқыту-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық пен әлеуметтік ауытқушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру, адалдық пен қоғамға қызмет ету қағидаттарын дамыту.
Семинар барысында баяндамадағы негізгі тақырыптар қарастырылды:
• Лудомания (ойынға тәуелділік) – адамның іс-әрекетін бақылауын жоғалтуға, отбасы мен кәсіби қарым-қатынастардың бұзылуына әкелетін психологиялық тәуелділік. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуының жол берілмейтіні және тәуелділік белгілері болған жағдайда уақтылы психологиялық көмекке жүгіну қажеттігі ескертілді.
• Заңды және адам құқықтарын құрметтеу – қызметтік және моральдық жауапкершіліктің ажырамас бөлігі. Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын сақтау мемлекеттік қызметтің жоғары мәдени құндылығы ретінде атап өтілді.
Арнайы назар антитеррористік және діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне аударылды – мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеу, сондай-ақ жеке тәртіп пен мемлекеттік қызметшінің имиджі мәселелеріне, оның ішінде:
• қоғамдық орындарда алкогольдік және басқа да мас болу жағдайында болмау;
• кемсіту мен жыныстық бопсалауға жол бермеу;
• жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар мен қызметтік әдеп қағидаларын сақтау.
Сонымен қатар алдағы мереке қарсаңында адалдық, сыпайы мінез-құлық және әріптестер мен азаматтарға құрмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1090746?lang=kk