Онлайн-семинар өткізілді
11.09.2026 09:51:39 84
2026 жылғы 10 қыркүйекте ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаментінің Салықтық аудитті әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің уәжді ұстанымдарын ескере отырып, салықтық тексерулер бойынша сот практикасы. Сот органдарының жеке ұйғарымдар мен ақшалай өндіріп алуларды қолдану практикасы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін арттыру және салықтық тексерулер бойынша сот практикасының өзекті мәселелерін қарастыру.
Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан 190 тыңдаушы қатысты. Семинар барысында ZOOM платформасы арқылы дәрістер оқылып, лектор ретінде:
Нарманова Бинура Гаухарбековна – Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Салықтық аудитті әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1289693?lang=ru