ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
22.10.2025 11:21:23 135
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшыны Серік Манзоровты таныстырды.
Серік Бағдатұлы 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы West Coast университетін (Ұлыбритания) «Іскерлік менеджмент» мамандығы бойынша, 2009 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және 2019 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдап шыққан.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Алмалы және Бостандық аудандарының әкімдіктерінде қызметке тұрып бастаған. Салық және мемлекеттік органдар құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеп, оның ішінде МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының кеңесшісі және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1090767?lang=kk