KazAID және Румыния Елшілігінің кездесуі
22.10.2025 11:41:25 119
KazAID және Румыния Елшілігінің кездесуі
2025 жылғы 16 қазанда Астана қаласында KazAID Төрағасы Аркен Арыстанов пен Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мадалина Лупу кездесті.
Кездесу барысында тараптар 2024–2025 жылдарға арналған KazAID қызметін, соның ішінде жыл сайынғы «Достық» және «Авиценна» бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ жер сілкінісі қаупін азайту, Kaizen әдістемесі, қоғамдық тамақтандыруды дамыту, айқындық туралы есептерді (BTR) жедел дайындау және статистикалық деректерді визуализациялау тақырыптарындағы оқыту семинарларын талқылады.
KazAID пен Румынияның халықаралық даму бойынша ынтымақтастық агенттігі (RoAid) арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар 2026 жылы дамуға ресми көмек саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1090803?lang=kk