Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) Кезең-кезеңімен іске қосу жалғасуда
22.10.2025 13:11:28 117
2025 жылғы 13 қазаннан бастап акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру (СӘИЖ АӨӘ) шеңберінде «ҚР ҚМ МКК есепке алу-бақылау маркаларын сканерлеу» (ЕБМ) мобильдік қосымшасы қол жетімді.
Бизнес-процесімен жұмыс істеу үшін Google Play (Play market) немесе Apple store-дан «ЕБМ сканерлеу» қосымшасын жүктеу қажет.
Сертификатталған алкоголь өнімдерімен операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін қосымша келесі үшін:
- ЕБМ штрих-кодын сәйкестендіруді тексеруге;
- ЕБМ туралы мәліметтерді алуға;
- егер ЕБМ туралы мәліметтер қорда болмаған жағдайда уәкілетті органға күмәнді өнім жайлы ақпаратты жіберуге арналған.
Қосымшада келесі функционалдылық бар:
- пайдаланушыны тіркеу;
- пайдаланушының авторизациясы;
- ЕБМ сканерлеу.
Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне хабарласуға болады:
- knpsd@ecc.kz электрондық поштаға;
- 8 (7172) 73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондарына.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1090902?lang=kk