Қазақстанның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндиковтің Вена қаласына сапары туралы
22.10.2025 13:51:15 125
Вена, 2025 жылғы 20 қазан - Активтерді қайтару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіковтің Аустрияға сапары өтті.
Сапар аясында Н.Сүйіндіков ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық қызметінің үйлестірушісі Бақыт Жүсіповпен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, тәжірибе алмасу және сыбайлас жемқорлыққа, ақша жылыстатуға және заңсыз қаржы ағындарын тоқтатуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Комитет басшысы сондай-ақ Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (IACA) деканы, профессор Слагьяна Тасевамен кездесті.
Қазақстан тарапы активтерді қайтару саласындағы ұлттық тәжірибесімен таныстырып, қолданыстағы тетіктердің тиімділігін және олардың нәтижелілігін арттыру үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен IACA арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Комитет пен IACA арасындағы әріптестікті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңсыз алынған активтерді қайтару саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған. Басты басымдықтардың қатарында - білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру, талдамалық материалдар мен үздік халықаралық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық және институционалдық тетіктерді нығайтуға жәрдемдесу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1090921?lang=kk