Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі әрекетінің аяқталуы және тоқтатылуы
22.10.2025 17:31:31 132
Еркін кеден аймағы (ЕКА) кедендік рәсімі әрекеті мынадай жағдайларда аяқталуы тиіс:
АЭА-ның іс-әрекетінің тоқтатылуы
Егер арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) әрекет етуі тоқтатылса немесе ондай АЭА аумағында ЕКА кедендік рәсімінің қолданылуын тоқату туралы шешім қабылданған болса, онда рәсім АЭА әрекет етуі тоқтаған немесе ондай шешім күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде аяқталуы қажет.
АЭА резиденті мәртебесін жоғалту
Егер тауарларды ЕКА кедендік рәсімінде орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан болса, онда рәсім ондай мәртебені жоғалтқан күннен бастап 6 ай ішінде аяқталуы қажет.
АЭА аумағынан тауарларды әкету
Егер ЕКА кедендік рәсімінде орналастырылған тауарлар, сонымен бірге олардан жасалған немесе алынған тауарлар АЭА аумағынан әкетілетін болса, онда келесі жағдайлардан басқа, рәсімнің әрекеті аяқталған деп саналады:
Әкетудің рұқсат етілген жағдайлары:
- Кедендік реттеу туралы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
- кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін (осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда);
- тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, ҚР заңнамасын сақтаған жағдайда кәдеге жарату немесе жою үшін;
- Кедендік реттеу туралы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тауарларды тұтыну үшін;
- Кедендік реттеу туралы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, тауарларға құқықты: АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне), немесе осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА резиденті болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1091199?lang=kk