Тауардың шығу тегін преференциялық емес мақсаттарда айқындау
22.10.2025 18:32:12 168
Тауардың шығу тегін айқындау халықаралық сауда жүйесінде маңызды рөл атқарады. Шығу тегі дұрыс анықталған жағдайда кедендік баждардың, сауда саясаты шараларының, шектеулер мен сыртқы экономикалық қызмет статистикасының қолданылуы қамтамасыз етіледі.
Тауар халықаралық келісімдер бойынша тарифтік преференциялар шеңберіне кірмеген жағдайда, оның шығу тегі преференциялық емес мақсаттарда айқындалады — яғни халықаралық және өңірлік актілерде бекітілген жалпы қағидаларға сәйкес.
Шығу тегін айқындаудың құқықтық негізі 2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы келісімі, ЕАЭО Кеден кодексі (4-бөлім) және ЕЭК Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімі болып табылады. Аталған құжаттар ашықтық, объективтілік және кемсітпеушілік қағидаттарына негізделген және Одаққа мүше мемлекеттер арасында бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Шығу елін айқындаудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
- Тауардың мемлекеттің аумағында толықтай өндірілгені;
- Өндіріс барысында әртүрлі елдердің материалдары пайдаланылған жағдайда — жеткілікті қайта өңдеудің жүргізілуі.
Қазіргі үрдістер жеткізу тізбегін цифрлық қадағалау құралдарын және электрондық шығу тегі сертификаттарын енгізумен байланысты, бұл рәсімдердің ашықтығын арттырып, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, қазіргі заманғы тәсілдер тауардың шығу тегін айқындау қағидаларын жетілдіруге және біріздендіруге бағытталған, бұл өз кезегінде ашық әрі болжамды сыртқы сауданы дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1091295?lang=kk