Қазақстан мен Малайзия экология және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
23.10.2025 10:21:00 128
2025 жылғы 22 қазан, Куала-Лумпур – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Плантациялар және ресурстар министрі, сондай-ақ Табиғи ресурстар мен тұрақты даму министрінің міндетін атқарушы Датук Сери Джохари бин Абдул Ганимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар көлік және логистика, туризм, халал өнімдерін өндіру және экспорттау, балық шаруашылығы және су ресурстарын тиімді пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Ерекше назар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мәселелеріне аударылды. Елші Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту және биологиялық алуан түрлілікті сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде сайғақ санының артуы мен оны қорғауға бағытталған халықаралық күш-жігер туралы ақпарат берді.
Джохари бин Абдул Гани Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономика екенін атап өтіп, Малайзияның «жасыл» және тұрақты даму саласындағы жетістіктеріне қызығушылық білдірді. Тараптар сондай-ақ жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция (CITES) шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша Елші министр Джохари бин Абдул Ганиді келесі жылы Қазақстанға шақырып, екіжақты әріптестіктің нақты бағыттары мен бірлескен бастамаларды іске асыруды талқылауға ұсыныс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1091498?lang=kk