Дамуға ресми көмек көрсету агенттіктері арасында ынтымақтастық орнатылуда

Дамуға ресми көмек көрсету агенттіктері арасында ынтымақтастық орнатылуда

23.10.2025 14:20:40 232

Бразилиа, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ABC) директорының орынбасары, елші Луиза Лопес да Силвамен кездесті.

Тараптар келіссөздер барысында 2024 жылы Бразилиа қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың агенттік басшылығымен өткен кездесуінде даму мақсатындағы ресми көмек көрсету саласында ABC пен Қазақстанның KazAID халықаралық даму агенттігі арасындағы екіжақты ынтымақтастық орнату жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылады.

Бұл ретте, дамуға ресми көмек саласында екіжақты, үшжақты және көпжақты жобаларды іске асыруға негіз бола алатын агенттіктер арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы мақсатта KazAID агенттігінің шақыруымен ABC агенттігінің бас директоры, елші Руи Карлос Перейраның осы жылғы желтоқсанда Астана қаласына сапары жоспарлануда.

Аңықтама: Бразилияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ABC) 1987 жылы құрылған. Ол – Бразилияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік мекеме болып табылады және дамуға көмек бағдарламаларын іске асырады. Агенттіктің миссиясы – Бразилияның мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарымен, сондай-ақ халықаралық және шетелдік ұқсас ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылатын ұлттық және халықаралық ынтымақтастық жобаларына қолдау көрсетуді басқару.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1091759?lang=kk