Қазақстан Су ресурстарына жауапты министрлердің Ислам конференциясының бесінші сессиясына қатысты

Қазақстан Су ресурстарына жауапты министрлердің Ислам конференциясының бесінші сессиясына қатысты

23.10.2025 15:20:45 139

Жидда, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков «Көріністен нәтижеге» тақырыбымен өткен Су ресурстарына жауапты министрлердің Ислам конференциясының бесінші сессиясының жұмысына қатысты.

Конференция барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты даму және климаттың өзгеруіне бейімделу салаларында ИЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Аталған іс-шара аясында мүше мемлекеттердің қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз әрі тұрақты суға қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында ынтымақты нығайтуға, инновациялық тәсілдерге және бірлескен іс-қимылдарға ерекше назар аударылды.

Конференция ислам әлемі халықтарының игілігі үшін су және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, инновацияларды ілгерілетуге және ортақ шешімдерді табуға бағытталған практикалық шараларды қабылдауға жәрдемдесуге арналды.

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының белсенді мүшесі ретінде су дипломатиясын дамытуға және су технологиясы мен экология салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1092106?lang=kk