«Книгологично-2025»

«Книгологично-2025»

23.10.2025 16:21:22 127

22 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және  жасөспірімдер кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды «Книгологично-2025» фестивалі өтті. Бұл ерекше шара - оқуға деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау идеясын біріктіретін шара.

Фестиваль шығармашылыққа, білімге және экологиялық ағартуға арналған үлкен алаңға айналып, әр қатысушыға табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.

Бағдарламада экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатқа ұқыпты көзқарасты дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға толы болды:

  • пластикалық қақпақтарды жинау және оларды қайта өңдеуге тапсыруға арналған кең көлемді экологиялық акция;
  • қайта өңделген материалдардан арт-нысандар жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағы;
  • көркем инсталляциялар көрмесі;
  • пластикалық ластану мәселелері мен қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығына арналған ақпараттық таныстырылым.

Фестиваль аясында Күршім өңірінің тумасы Оралбек Рәбилович Булжановтың қолдан жасалған туындылары қойылып, онлайн таныстырылды. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы пластикалық бөтелкелерден керемет декоративтік мүсіндер жасап, айналасындағы адамдарды экологиялық өнерге шабыттандырып келеді.

Шараға арнайы шақырылған Өскемен қаласындағы қайта өңдеу зауытының өкілі Тұраров Нұрлан Асқарұлы  қатысып, балалар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығын атап өтті. 

Фестивальдің қорытындысы ретінде жиналған пластикалық қақпақтардан үлкен композиция жасалды.

«Книгологично-2025» фестивалі оқу, шығармашылық және экологияны ұштастыру — ғаламшарды келешек ұрпақ үшін сақтау ісінде қуатты құрал бола алатынын дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1091921?lang=kk