Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының 35 жылдығына арналған сараптамалық дөңгелек үстел Исламабад қаласында өтті
23.10.2025 19:53:25 176
Исламабад, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай Пәкістанның Нарықтық экономика зерттеу институтымен (PRIME) бірлесіп және Қазақстанның Сауда-экономикалық стратегиялар орталығының (CTES) қатысуымен «Мемлекеттік егемендік Декларациясы тұрғысынан Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өңірлік өзара байланыс және экономикалық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, іскер топтарының және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығының тәуелсіздік пен жаңғырудың символы ретіндегі маңызын атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары туралы айтып өтті, сондай-ақ 2025 жылы өткен және жоспарланып отырған іс-шаралар туралы қатысушыларды хабардар етті.
Елші Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихы мен Пәкістанмен екіжақты қатынастардың негізгі кезеңдері арасында өзара сабақтастық пен параллельдер жүргізді.
Негізгі баяндамаларды Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Тәжібаев пен PRIME институтының директоры доктор Али Салман ұсынды.
Өз сөздерінде олар экономикалық байланыстарды нығайтудың, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың және Орталық пен Оңтүстік Азия арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында қатысушылар тұрақты көлік-логистика дәліздерін қалыптастырудың, цифрлық сауда алаңдарын дамытудың, өзара инвестицияларды арттырудың және энергетикалық байланыстарды жолға қоюдың өзектілігіне назар аударды.
Жалпы, іс-шара қатысушылары Қазақстанның даму деңгейіне және оның егемен тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жоғары баға берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1092175?lang=kk