Грекияда «Қазақстан» көшесі – екі елдің достығының символы
23.10.2025 19:54:55 135Ахарне, 2025 жылғы 23 қазан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожиннің Ахарне қаласына сапары аясында муниципалитет әкімі Спирос Вретоспен кездесу және еліміздің атымен аталған «Қазақстан» көшесіне бірлесіп бару өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстар мен өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын талқылады. Тараптар мәдени, туристік және экологиялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі жоспарларды қарады, сондай-ақ Ахарне мен Шымкент арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын растады. Қоғамдық және адамаралық байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен бағдарламаларды өткізу мүмкіндіктері талқыланды.
Ахарне – Қазақстаннан шыққан азаматтар елеулі үлес қосып, қала өміріне белсенді араласатын, сондай-ақ тарихи және мәдени байланыстарын сақтап отырған Грекия муниципалитеттерінің бірі болып табылады. «Қазақстан» көшесі мен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай орнатылған ескерткіш Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара құрметтің айқын нышаны болып табылады.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге және екі елдің өңірлері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1092168?lang=kk