Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесуі туралы
24.10.2025 18:23:12 157
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Моңғолияның тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында қолданылатын шикізат, мұнай өнімдері, жарылғыш заттар мен олардың құрамдас бөліктерін Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін талқылады.
Әңгімелесушілер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті нығайтудың және өнеркәсіптік әрі ресурстық даму саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз жұмыс байланыстарды жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1093134?lang=kk