Республика күніне арналған салтанатты жиын
25.10.2025 10:21:50 167Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ардагерлері мен жеке құрамы қатысты.
Өз сөзінде облыс прокуроры Тимур Сүлейменов Республика күнінің тарихи маңызын – ұлттық бірліктің, тәуелсіздіктің және қазақстандық халықтың өркендеуге, дамуға деген ұмтылысының нышаны ретінде атап өтті. Ол заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауда прокуратура органдарының маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары кәсібилігі және көпжылдық адал еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарымен ведомстволық наградалармен марапатталды.
Салтанатты шара патриотизм, бірлік және қызметтік борышқа құрмет рухында өтті.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1093321?lang=kk