Қазақстан делегациясының 2025 Көлік министрлерінің өңірлік конференциясына қатысуына
26.10.2025 14:42:33 112
Исламабад, 2025 жылғы 23 қазан – Пәкістан тарапының шақыруымен ҚР Көлік министрі Н.Сауранбаев бастаған қазақстандық делегация 2025 Көлік министрлерінің өңірлік конференциясына қатысты.
Сапар аясында Н.Сауранбаев көлік ведомстволарының, сондай-ақ ПИР ірі көлік-логистикалық компанияларының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, аталған бағытта бірлескен жобалар мен практикалық шаралар қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1093566?lang=kk