Самар ауданының тұрғыны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
28.10.2025 10:50:36 152
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін Самар ауданының тұрғыны, «Мәмбет» шаруа қожалығының механизаторы Руслан Чункуров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Руслан Нұрланұлы – туған жердің нағыз жанашыры, маңдай терімен нан тауып, еңбектің қадірін ұғынған жан. 12 жылдан астам уақыт бойы ол туған топырағында табан аудармай еңбек етіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Егін ору науқаны кезінде өзінің шеберлігі мен жауапкершілігінің арқасында жоғары көрсеткіштерге жетіп, әр науқанды абыроймен аяқтайды.
Жұмысқа деген ықыласы мен техникаға деген ұқыптылығы оны әріптестері арасында ерекше құрметке бөлеген. Қасындағылар Русланды өз ісінің хас шебері, адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісі деп біледі.
Салтанатты сәтте ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов марапатты табыстай отырып, Руслан Чункуровтың өңірдің өркендеуіне қосқан еңбегін жоғары бағалап, оған зор ризашылығын білдірді.
Самар өңірінің тұрғындары еңбекті серік еткен жерлестерімен мақтанады. Руслан Чункуров үшін жер – тек тіршілік көзі емес, рух пен шабыттың бастауы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1093926?lang=kk