Халықаралық анимация күні: Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты

Халықаралық анимация күні: Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты

28.10.2025 16:10:55 140

Қатаң тәртіп пен нақты күн тәртібі үстемдік ететін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар. Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты бейнелеуде. Бұл еңбегі 28 қазан – Халықаралық анимация күнімен үндесіп, жастарға рух береді.

Ақмола облысының тумасы Айдын Отанға қызмет ете жүріп, анимациялық фильмдер жасауда. Сол арқылы әскер өмірінің шынайы сәттерін өнер тілімен жеткізуде. Ол жуырда «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін жасап шығарды. Бұл туынды көрермендердің ықыласына бөленуде.

Айдын үшін анимация – тек хобби емес, патриоттық сезім мен рухани құндылықты дәріптейтін құрал. Қаруластары оның жобаларына атсалысып, кейіпкерлерді дыбыстауға, идея ұсынуға көмектеседі. Ал командирлері сарбаздың шығармашылығын қолдап, мұндай бастамалар әскери рухты көтеріп, ұжымның бірлігін арттыратынын атап өтті.

— При создании мультфильма я старался максимально проработать визуальную часть, использовал современные программы для анимации и монтажа. Это позволило сделать работу более выразительной, реалистичной и современной. Но есть ещё моменты, которые хотелось бы доработать, — поделился Айдын.

Қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен Айдын бұл тепе-теңдікті сақтай біледі. Сөзінше, әскердегі міндет әрқашан бірінші орында, бірақ бос уақыт табыла қалса, ол шығармашылыққа көңіл бөлуге тырысады.

Айдын Рахымовтың еңбегі – Халықаралық анимация күні қарсаңында жастарға үлгі боларлық бастама. Ол, осылайша, патриотизм мен өнерді үйлестіріп, әскери қызметтің жаңа қырын көрсетіп жүр.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1094337?lang=kk