2025 жылғы 24 қазан күні Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
28.10.2025 17:13:06 169Баяндамалармен келесі тұлғалар сөз сөйледі:
Хамитов Р.Ш., экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша;
Шидыч Т.Ю., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және әлеуметтік осал топтар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі әлеуметтік қолдау шаралары мәселелері бойынша;
Гаврилов Ю.А., сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы – мемлекеттік қызметтер көрсету және Алтай қаласының сәулеттік келбетін жақсарту саласындағы бөлім жұмысы туралы мәселе бойынша.
Отырыс барысында депутаттар аудандық бюджетке және Алтай қаласының сәулеттік келбетін жетілдіруге қатысты сұрақтар қойып, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті қаулылар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1094459?lang=kk