Банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер талқыланды

Банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер талқыланды

28.10.2025 18:12:22 218

Қостанай қаласында екінші деңгейлі банк өкілдері мен қаладағы ПҚШК бастамашыл тобының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес Қазақстан Республикасының банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібін реттейтін заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған талаптардың негізгі тұстарын, олардың тәжірибеде қолданылу тәртібін, сондай-ақ ПҚШК төрағалары мен бухгалтерлерінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, кеңесте қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету және кооператив мүшелерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1094536?lang=kk