2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемелері және оны медицина мен құрылыс салаларында қолдану ерекшеліктері
28.10.2025 18:12:26 213
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына, сондай-ақ импортқа қатысты 16% мөлшерінде белгіленеді.
Медицина саласында:
ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі:
– 2026 жылдан бастап – 5%
– 2027 жылдан бастап – 10%
Бұл мөлшерлеме келесіге қолданылады:
медициналық қызметтерге,
дәрілік заттарға,
медициналық бұйымдарға,
ҚҚС-тан босатылған қызметтер мен тауарлардан басқа.
Үкіметпен келесі тізбелер бекітілетін болады:
дәрілік заттар;
медициналық бұйымдар;
медициналық бұйымдардың құрамдас бөліктері;
техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
Құрылыс және тұрғын үйді іске асыру саласында:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйді (пәтерді) өткізу немесе жалға беру кезінде ҚҚС-тан босату күші жойылады.
Алайда келесі жағдайларда ҚҚС-тан босату қолданылады:
Тұрғын үйді (пәтерді) өткізу кезінде, егер оның құрылысы басталған
және/немесе пайдалануға қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса. Бұл жеңілдік тек құрылыс жүргізуші тұлғаға қатысты қолданылады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған тұрғын үйді ұзақ мерзімді
жалға беру шарты бойынша (сатып алу құқығымен) тұрғын үй ғимаратын (немесе оның бөлігін) жалға берген жағдайда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094528?lang=kk