«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы туралы

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы туралы

29.10.2025 08:02:32 174

Бүгін елордада Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылған қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіру жөніндегі Жобалық кеңсенің бірінші отырысы өтті.

Бас Прокурор аталған Жобалық кеңсе құрды, оның құрамына орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ жобаларды басқару саласындағы сарапшылар кірді.

Кеңсеге басшылықты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрлыбай Сәбит жүзеге асырады.

Кеңсенің негізгі міндеті – қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде оларды енгізуді бақылау және үйлестіру болып табылады.

Осындай жобалық кеңселер жергілікті жерлерде жедел жұмыс істеу үшін облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар жанында құрылатыны айтылды. Тұжырымдаманы жүзеге асыруға әкімдіктерді тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды, өйткені олар өңірлердегі идеологияның жеткізушілері болып табылады.

Жобалық кеңсенің басшысы Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа нысандарын енгізудің, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындарында құқық негіздері курсын енгізудің, қоғам жетекшілерін, шығармашылық сала өкілдерін және медиа тұлғаларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар өңірлік жобалық кеңселердің тиімділігін бағалау үшін KPI әзірлеу, есептілік нысандарын жетілдіру және социологиялық зерттеулерді жүргізу мәселелерін де талқылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы, Талдау және ақпарат орталығының директоры, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі ұлттық сарапшы баяндама жасады, ол идеологияны ілгерілетудегі жобалық тәсілді енгізу туралы өз көзқарасымен бөлісті. Талқылауға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс соңында Жобалық кеңсенің басшысы «Заң мен Тәртіп» идеологиясының стратегиялық маңызы бар екенін және барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен ғылыми қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1094642?lang=kk