Елшілікте жастар арасында футбол турнирі өткізілді

Елшілікте жастар арасында футбол турнирі өткізілді

29.10.2025 08:02:35 190

Анкара, 2025 жылғы 18 қазан – Елшілікте Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы және Республика күніне орай қазақстандық студенттер арасында футбол турнирі өткізілді.

Турнирге Kara Harp, ODTÜ, Kırşehir, Jandarma, Ankara командалары қатысты.

Турнир Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталып, 5 команданың арасында өткізілген жалпы тартысты 10 ойын өткізілді.

Ойындардың нәтижесінде қарашада өтетін Түркияда оқитын қазақстандық студенттер арасындағы турнирдің финалдық кезеңіне Kara Harp және ODTÜ командалары жолдама алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1094639?lang=kk