Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі

Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі

29.10.2025 12:21:44 200

Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі — бұл жеке тұлғалардың (азаматтардың) өз қажеттіліктері үшін шетелден кедендік баж төлемей немесе өлшеулі шектен асқанда төлеу арқылы тауар әкелу кезінде қолданылатын ережелер.

Төменде, 2025 жылға арналған ЕАЭО (оның ішінде Қазақстанда) мемлекеттерінде қолданылатын жалпыға бірдей тәртіп көрсетілген.

  1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кім әкеле алады.

Жеке пайдалануға арналған тауарлар – бұл сатуға немесе кәсіптік мақсатта емес, өз қажеттіліктері үшін немесе отбасы үшін арналған заттар. Ондай тауарларды:

          - шекараны жеке басы өткенде;

          - пошта арқылы (интернет-сатып алулар);

          - багажда, қол жүгі немесе көлік құралымен өткізуге болады.

  1. Шекараны жеке басы өткенде (көлік құралымен)

Кедендік баж төлеусіз;

Жалпы құны 500 еуроға дейін және салмағы 25 кг - ға дейін.

Шектен асқан жағдайда – төленетін кедендік баж көлемі:

Асқан құнның 30%-нан, бірақ нормадан асқан әр килограммға 4 еуродан кем емес.

  1. Әуе тасымалымен әкелу.

Шекарадан әуе тасымалымен (самолетпен) өткізген жағдайда:

- бажсыз 10 000 еуроға дейін және салмағы 50 кг ға дейін тауарларды әкелуге рұқсат,

шектен асқан жағдайда – асқан құнның 30%-нан, бірақ нормадан асқан әр килограммға 4 еуродан кем емес.

  1. Пошта арқылы тауарларды әкелу (интернет-сатып алулар);

Халықаралық пошталық жөнелтілімдер арқылы әкелінетін тауарлаға: бажсыз – бір жөнелтім 200 еуро және 31 кг.

шектен асқан жағдайдаасқан құнның 15%-нан, бірақ нормадан асқан әр килограммға 2 еуродан кем емес.

  1. Арнайы бақылауға жататын заттар

  2. Алкоголь өнімдері.

    Рұқсат етілетін мөлшер – 3 литрға дейін, бұл көлем бажсыз өткізіледі. Егер алкоголь көлемі 3 - 5 литр аралығында болса, онда әр қосымша литр үшін 10 еуро мөлшерінде баж салығы төленеді, 5 литрден артық алкоголь әкелуге тыйым салынады.

  3. Темекі өнімдері.

    Шетелден 200 дана темекіге дейін немесе 50 дана сигара әкелуге рұқсат етіледі, 18 жастан асқан адамдарға ғана.

  4. Қолма - қол ақша.

    10 000 АҚШ долларына дейінгі соманы декларациясыз алып өтуге болады. Егер қолма-қол ақша осы шектен асып кетсе, оны міндетті түрде жазбаша түрде декларациялау қажет.

  5. Азық-түлік.

    Жеке тұтынуға арналған ақылға қонымды мөлшерде азық-түлік әкелуге рұқсат беріледі. Алайда ет және сүт өнімдеріне белгілі бір шектеулер қойылады.

  6. Декларациялау

Егер тауар шектеуден аспаса – декларация толтырмай «жасыл дәліз» арқылы өтуге болады.

Егер тауар шектеуден асып кетсе  — жолаушылардың кеден декларациясын толтырып, баж төлеу қажет.

  1. Әкелуге тыйым салынған және шектелген тауарлар.

Әкелуге болмайды:

- қару-жарақ, жарылғыш заттар (рұқсатыз);

- есірткі және психотропты заттар;

- сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар (CITES рұқсатынсыз);

- экстремистік сипаттағы материалдар мен ашық мазмұнды материалдар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094939?lang=kk