Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Испанияның Ұлттық аудиенциясының төрағасымен кездесті
30.10.2025 09:51:40 104
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Мадрид қаласында өткен Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Испания Корольдігінің Ұлттық аудиенциясының төрағасы Хуан Мануэль Фернандес Мартинеспен кездесті.
Кездесу барысында Эльвира Азимова Қазақстандағы құқықтық реформалар және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында конституциялық бақылау органы қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ ол қазақстандық соттардың Конституциялық Соттың шешімдерін орындау тәжірибесі мен құқықтық базасы жөнінде ақпарат берді.
Аталған кездесу және испандық тараптармен екіжақты форматтағы кездесулері Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы құқықтық ынтымақтастықты орнатудың бастамасы болды.
Ұлттық сот аудиенциясы Испанияның ең жоғарғы сот органдарының бірі болып табылады және терроризм, ұйымдасқан қылмыс, экономикалық қылмыстар сияқты аса күрделі әрі жалпыұлттық істерді қарауға маманданған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1095555?lang=kk