Ұландық спортшы пауэрлифтингтен Еуразия чемпионатында алтын алды
30.10.2025 11:20:49 183
Астанада пауэрлифтингтен өткен Еуразия чемпионатына 15 елден 150-ден астам үздік спортшы қатысты.
Жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшісі, құпия ақпаратты техникалық қорғау орталығының қызмет бастығы, аға лейтенант Дінмұхамед Мұхтарханов лайықты өнер көрсетті.
Ұландық офицер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "Жатып штанга көтерудің халықтық тәсілі" пәні бойынша 1 орын алып, дене шынықтыру мен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің жеңісі ұландықтардың қызметте ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спортта да табысты екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ, мақсатқа ұмтылыстың, асқақ рух пен қызметтік шеберліктің үлгісі болды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1095670?lang=kk