«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті
30.10.2025 11:41:36 177Салтанатты шараның ашылуында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, ел игілігі жолында ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, насихаттауға, сондай-ақ мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарды көпшілікке қолжетімді етуге аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде кітапханашылардың қоғамның мәдени және рухани дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі арқылы жас ұрпақтың білімге, өнер мен әдебиетке деген қызығушылығы арта түсетінін тілге тиек етті.
Биылғы жылы кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Қаратал аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Қалиева Бибігүл Абенқызы, Панфилов ауданы балалар кітапханасының меңгерушісі Құдайқұлова Шикер Құрманғазықызы иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайрат Сағымбайқызы, Көксу ауданы Ақтекше ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахметова Марал Төлегенқызы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Түстебаева Гүлмира Сауытбайқызы, Мәдениет және ақпарат министрінің «Алғыс хатымен» Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қашқынбаева Гүлдана Нұрғалиқызы, Сарқан ауданы Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Құрманғалиева Сәуле Тоқтасынқызы, Талдықорған қаласының 3 бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының кітапханашысы Жұмаділқызы Күміс, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық кітапханасының меңгерушісі Тостекбаева Жумакүль Жебегеновна, Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Мифтахова Ильнур Басимовна, Саябаева Жанар Зейнелқабденқызы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Курманбаева Жазира Айтжановна, Панфилов ауданы Шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Джалғасбекова Бағдагул Абдулдажанқызы марапатталды.
ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағынан облысымыздың 8 кітапханашына «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, 6 кітапханашыға «Құрмет грамотасы», 5 кітапханашыға Алғыс хаты табысталды.
Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастаруымен кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденістерін арттыру, кітапхана жұмысын заманауи өзгерістерге бейімдеу, ілгерілету мақсатында өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша «Көшбасшы кітапхана - 2025» номинациясымен Талдықорған қаласынының В.Маяковский атындағы орталықтандырылған кітапханасы, «Үздік ардагер кітапханашы - 2025» номинациясымен Талдықорған қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгуль Досаевна, «Үздік жас кітапханашы - 2025» номинациясымен Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нүсіп Айжан Бекежанқызы, «Үздік жыл әдіскері» номинациясымен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар Чайхидановна, «Үздік библиограф - 2025» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нұрахметова Айым, «Үздік балаларға арналған жоба» номинациясымен Панфилов ауданы Ынталы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Даулетқазы Ақторғын Даулеткелдіқызы марапатталды. Мерекелік шараға Жетісу облысының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары, арнайы шақырылған Жетісулық ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.
Салтанатты шара Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің мерекелік концертімен ұласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1095681?lang=kk