Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылдың 9 айы бойынша қызметінің қорытындылары
30.10.2025 18:10:43 177
30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ведомствоның 2025 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларымен таныстырды.
2025 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 336,3 млрд теңгені құрады.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 192,3%, яғни 161,4 млрд теңгеге артқан.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сайранқан Қабыштың айтуынша, ең көп түсімді қамтамасыз еткен келесі салалар:
Өңдеу өнеркәсібі – 28,6% (96,3 млрд тг)
Көтерме және бөлшек сауда – 15% (50,4 млрд тг)
Тау-кен өнеркәсібі – 13,5% (45,3 млрд тг)
Құрылыс – 8,4% (28,1 млрд тг)
Спикер бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де тоқталды.
«2025 жылдың 18 маусымы мен 16 қыркүйегі аралығында туризм нысандарында кассалық аппараттардың немесе үш компонентті интеграцияланған жүйенің бар-жоғын, төлем карточкаларын қолдануға арналған құрылғылардың болуын, салық органдарында тіркеуден өтуін, сәйкестендіру және бақылау белгілерінің түпнұсқалығын, сондай-ақ лицензияның бар-жоғын анықтау мақсатында 110 рейдтік тексеріс жүргізілді.
Нәтижесінде 148 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 104 жағдайда ескерту жасалып, 39 іс бойынша соттар 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Контрафакті өнімдері тәркіленді: темекі бұйымдары – 125,8 мың теңге, алкоголь өнімдері – 947,6 мың теңге», – деп атап өтті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, спикер жеке тұлғалардың салықтық берешегімен жұмыс тақырыбына тоқталды.
2025 жылғы 1 сәуірде көлік және мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1,09 млрд теңге көлемінде берешек қалыптасты.
Бүгінгі күні 600,6 млн теңге өтеліп, 38 607 салық төлеушіде 490,4 млн теңге сомасында берешек қалып отыр.
Әділет және полиция органдарымен жасалған Меморандум аясында 789 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 17,6 млн теңге берешек өтелді.
Сонымен қатар, жұмыс істейтін борышкерлерден 7,5 млн теңге өндірілді.
Қазан айының басынан бері мүлік салығы бойынша берешек 483,5 млн теңгеден 506 млн теңгеге дейін өскен.
Борышкерлерге қатысты өндіріп алу туралы бұйрықтар жасалып, материалдар жеке сот орындаушыларына жолдануда.
Қорытындылай келе, спикер азаматтарды салықтарды уақытылы төлеуге шақырды, бұл айыппұл санкциялары мен шектеу шараларынан сақтануға мүмкіндік береді.
Салықтарды келесі жолдармен төлеуге болады:
Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы жеке кабинет арқылы,
Электрондық үкімет (eGov) порталы арқылы,
Сондай-ақ e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk және екінші деңгейлі басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096244?lang=kk