Жаңа «СӘИЖ салық төлеушінің» кабинетінде салықтық есептілік нысандарын ұсыну мүмкіндігі туралы
31.10.2025 09:31:24 132
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.
Қазіргі уақытта салық есептілігі нысандарының көп бөлігі жаңа СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде ұсынуға қол жетімді, тек 12 салық есептілігі нысандары бойынша ұсыну мүмкіндігі ескі "салық төлеушінің кабинетінде" (КНП) және СОНО АЖ-де қалып тұр. олар:
- Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша деклараци (200.00 СЕН);
- Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00 СЕН);
- Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 СЕН);
- Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 СЕН);
- Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00 СЕН);
- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 СЕН);
- Акциз бойынша декларация (400.00 СЕН);
- Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі (421.00 СЕН);
- Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация (860.00 СЕН);
- Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00 СЕН);
- Патент құнының салық есебі (911.00 СЕН);
- Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация (913.00 СЕН).
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған
Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:
- knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;
- 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1096436?lang=kk