Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі

Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі

31.10.2025 10:10:41 124

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-кассалық машиналарды (бұдан әрі – БКМ) қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 165–169-баптарымен айқындалғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

Технологияның дамуына байланысты қазіргі заманғы БКМ функционалы деректерді онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, смартфонға орнатуға болатын онлайн-касса функциясы бар мобильді қосымшалар да бар.

Ол үшін «Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет.

Онлайн-БКМ тіркеу фискалдық деректер операторының (ФДО) ақпараты негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін салық төлеуші фискалдық деректер операторларының бірін таңдап, оның сайтына кірсе жеткілікті, мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-нен ФДО серверіне деректер беру бойынша жаңа 2.0.3 нұсқасындағы Протокол әзірленді (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқалы Протокол).

2.0.3 нұсқалы Протоколда БКМ-ді Ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және ФДО тарапынан БКМ-нің нақты орналасқан жерін айқындайтын геолокацияны анықтау сервисі қарастырылған.

Осыған байланысты аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер 2025 жылғы 15 қазанға дейін өз БКМ функционалын 2.0.3 нұсқалы Протоколға сәйкес қайта бағдарламалауы қажет.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір кассалар) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілер қайта бағдарламалауды 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жүргізуі тиіс.

БКМ-ді қайта бағдарламалау үшін салық төлеушілер БКМ әзірлеушілеріне және БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі қажет.

Қосымша хабарлаймыз: 2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқалы Протоколын өшіру жоспарланып отыр.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүргізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшамен есеп айырысуларда БКМ чегін қолданбау және бермеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096490?lang=kk