Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кезіндегі жеңілдіктер: заңнамалық негіздер мен бизнес үшін мүмкіндіктер

Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кезіндегі жеңілдіктер: заңнамалық негіздер мен бизнес үшін мүмкіндіктер

31.10.2025 10:51:42 85

Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кезіндегі жеңілдіктерді беру тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нормаларымен, халықаралық шарттармен және ұлттық заңнамамен реттеледі.
Бұл шаралар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және сыртқы экономикалық қызметті ынталандырудың маңызды құралы болып табылады.

Кедендік-тарифтік жеңілдіктерге қатысты барлық мәселелер ЕАЭО деңгейінде толық реттелмеген, сондықтан Одаққа мүше мемлекеттер қосымша қолдау шараларын дербес белгілеуге құқылы. Қазақстанда бұл тәртіп Кеден кодексі мен Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бекітілген.

 

Кедендік әкелу баждарынан босату

Кедендік әкелу баждарды төлеуден босатудың негіздері келесілермен бекітілген:

  • ЕАЭО туралы шарттың құрамындағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы хаттамаға №6 қосымшамен (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы №240-V Заңымен ратификацияланған);
  • Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімімен.

    Кедендік баждарды төлеуден үшінші елдерден төменде көрсетілген түрде әкелінген тауарлар босатылады:

  • гуманитарлық немесе техникалық көмек ретінде;
  • шетелдік құрылтайшының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде;
  • ЕАЭО кемелерінің теңіз аулау өнімдері;
  • валюта мен бағалы қағаздар;
  • табиғи апаттардың зардаптарын жоюға арналған тауарлар.

Осы жеңілдіктерді қолданудың егжей-тегжейлі тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі №728 шешімімен айқындалған.

Аталған жеңілдіктердің жалпы сипатқа ие және тауарды шығарған елге байланысты емес екенін атап өту қажет.

 

Тауарларды әкелу кезінде ҚҚС төлеуден босату

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден келесі тауарлар босатылады:

  • гуманитарлық және қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін;
  • өндірістік қажеттіліктерге арналған, соның ішінде жабдықтар, шикізаттар және материалдар.

Аталған жеңілдіктерді қолдану тетігі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №267 бұйрығымен бекітілген.

 

 

Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер

«Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 80-бабына сәйкес кейбір жағдайларда тауарларды декларациялау үшін алынатын кедендік алымдар төленбейді.

Мұндай жағдайлар халықаралық шарттармен және ұлттық актілермен айқындалады.

Босатылу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №179 бұйрығымен бекітілген.

 

Бизнесті және инвестицияны қолдау

Заңда көзделген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер — бұл өндірістік дамуды ынталандырудың, инвестиция тартудың тиімді құралы.

Олар:

  • сырты экономикалық қызметке қатысушыларға қаржылық жүктемені төмендетуге;
  • Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға;
  • Халықаралық нарықтарда отандық компаниялардың позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1096560?lang=kk