БҰЛДЫРТЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ!

БҰЛДЫРТЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ!

31.10.2025 11:41:21 157

Сырым ауданының Бұлдырты ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасыаясында жүзеге асырылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша жоспарланған 50 медициналық нысанның қатарында Бұлдырты амбулаториясы — 50-ші болып пайдалануға берілді.

Іс-шараға БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы Каюпов, БҚО құрылыс басқарма басшысының орынбасары, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы Утешев, сондай-ақ аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда екпе салу кабинеті, алғашқы дәрігерлік және профилактикалық қызмет көрсету бөлмелері бар. Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге толық жағдай жасалған.

Салтанатты лентаны Тілепберген Ерсайұлы Каюпов пен медицина саласының ардагері Зияда Шамгулова қиды.

Бұл — ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1096621?lang=kk