«Жетісу Виртуоздары» ансамблі мен «Айналайын балалары»

«Жетісу Виртуоздары» ансамблі мен «Айналайын балалары»

31.10.2025 12:31:03 128

«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінің «Жетісу Виртуоздары» ансамблі барып, концерттік бағдарлама ұсынды. Ансамбльдің жетекшісі - Әділжан Нүсіпжанұлы.

Шара барысында ансамбль орындаған әсерлі әндер мен әсем әуендер балалардың көңілін көтеріп, ерекше қуаныш сыйлады. Балалар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, жүздерінен шаттықтың лебі сезілді.

Мұндай жылы кездесулер - мейірім мен рухани қолдаудың айғағы болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1096714?lang=kk